Алматыда тұңғыш рет «Асанәлі» сыйлығы табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сыйлық жуырда Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына орай тағайындалған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Марапат үздік киноактер, үздік театр әртісі, үздік кино және театр режиссері, «Театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша берілді. Әр жеңімпазға миллион теңге сыйақысы және бар. Өнер майталманының 85 жасқа толған мерейтойына арналған «Аңыз Асанәлі» атты салтанатты кеш өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қайраткерді мерейтойымен құттықтап, Президенттің құттықтау хатын тапсырды.

Мен күткен жоқпын, мен өте қуаныштымын. Асанәлі ағаны жасырмаймын менің кумирым, Асанәлі ағаға мен еліктеймін. Еліктегенмін де, енді кумирымның қолынан кумирімнің атындағы марапатты алу – біз үшін үлкен мәртебе, – деді «Асанәлі» сыйлығының иегері Азамат Сатыбалды. 

Бұл, шынында да, үлкен қуаныш. Біздің театр өнерінің абызының қолынан алу, ол кісінің еңбегін енді білмеймін сөз жетпейді бағалау үшін. Сол кісінің жолын берсін дейміз мына балаларға, жігіттерге. Көп-көп рахмет, денсаулығы зор болсын, 100 жасасын, – деді «Асанәлі» сыйлығының иегері Лидия Кәденова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы