29 Қараша 2026, 11:17 Фото: видеодан скриншот

Алматыда түнде жанармай құю бекетіндегі өрт сөндіріл

Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Алматының Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінің қосалқы бөлмесінде электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт шыққан.

Сонымен қатар жанармай тарататын колонкалардың біріндегі сымдар да тұтанған.

Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылар өртті толық сөндірді.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын бастапқы кезеңде ауыздықталды.

Нәтижесінде өрттің таралуына және өрт қаупі жоғары нысанда ауыр зардаптардың туындауына жол берілген жоқ.