Алматыда тұмауға қарсы вакцинация басталды: Кімдер екпені тегін ала алады?
Алматыда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдын алу шаралары және вакцинаны кімдер тегін ала алатыны жөнінде Алматы қаласының №36 қалалық емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Дильдора Кенжаева айтып берді.
Дәрігердің айтуынша, тегін вакцинация тәуекел тобына жататын азаматтарға жүргізіледі.
Бірінші кезекте бұл балалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан адамдар, созылмалы аурулары бар пациенттер және медициналық көрсетілімдерге сәйкес азаматтардың басқа да санаттары, – дейді дәрігер.
Адамның тәуекел тобына жататындығын және вакцинацияны қай жерде алуға болатынын нақтылау үшін өз емханасына жүгіну қажет.
Мамандардың айтуынша, вакцинация тұмаудың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады және ауруға шалдығу мен оның асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі.
Еске салайық, бұған дейін маусымдық тұмау Қазақстанның екі өңіріне жеткені хабарланды.
Сондай-ақ, Астанада бір аптада 8 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған.
Тағы оқи отырыңыз:
ЖРВИ мен тұмау көбейді: Үйдегі дәрі қобдишасында қандай дәрі болғаны дұрыс?
ЖРВИ, тұмау және COVID-19: Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық ахуал қандай?
Тұмау мен ЖРВИ: Сыныптағы оқушылардың қанша пайызы ауырса қашықтан оқытуға көшіріледі?