Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылып, жеті адам зардап шекті
Алматы, BAQ.KZ. Кеше №5 бағыттың троллейбусы Абай мен Байзақов көшелері тұсындағы жерасты өткеліне соғылды. Салдарынан жеті адам зардап шеккен.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар алғаш әлеуметітк желіде тарады. Одан троллейбус жерөткел қабырғасындағы темір қоршауға соғылып, троллейбустың алдыңғы бөлігі қирағанын көруге болады.
Алматы қаласы Полиция департаменті аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүріп жатқанын жеткізді.
21 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Yongman маркалы троллейбус Абай даңғылымен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан, Байзақов көшесінің қиылысында жүргізуші көлікке ие бола алмай сол жердегі жерөткелінің темір қоршауына соғылған. Соның салдарынан троллейбустың жеті жолаушысы зардап шекті, олардың барлығы жедел ауруханаға жеткізілді,-дейді Алматы қаласы ПД-нің Анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы