Алматыда троллейбус өртенді

Алматыда Сәтпаевпен пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өртеніп жатқан троллейбустың бейнеролигі әлеуметтік желіде тарады.

Аталған жағдайға Алматы қалалық ТЖД түсінік берді. 

 Бүгін таңертең Алматы қаласы Бостандық ауданында №7 троллейбустың ішінде өрт шықты. Ішінде болған азаматтар өз бетінше эвакуацияланды. 8.15-те өрт сөндірілді. Өрт алаңы 20 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр,- дейді Алматы қалалық ТЖД. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы