Алматыда триатлон жарысы кезінде Сайран көлі маңындағы жолдар жабылады

Алматы, BAQ. Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтетін күндері, жарыс өтетін аймақ, яғни Сайран көлінің маңындағы жолдар жабылады. Бұл туралы Алматы триатлон федерациясы хабарлады.

2 - 4 тамыз аралығында Азия Триатлон Кубогы аясында жарыстың велосипед кезеңі өту аясында көліктерге арналған жолдың қозғалысы жартылай жабылады.

2 тамыз күні жаттығу уақытында 14.00-ден 14.45-ке дейін төмендегі көшелердегі қозғалыс жабық болады:

Төле би көшесінің бойымен қозғалу (оңтүстік жағы) Н. Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін. Жолдың солтүстік жағы толығымен қозғалыс үшін бос болады.
Өтеген батыр көшесі бойымен қозғалу Төле би көшесінен бастап Қуанышбаев көшесіне дейін. Барлық бағыттағы жолдар толығымен жабылады.
3 тамыз жарыс  кезінде 06.30-дан 13.00-ге дейін төмендегі бағыттағы көшелер жабылады:

Төле би көшесінің бойымен қозғалу (оңтүстік жағы) Н. Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін. Жолдың солтүстік жағы толығымен қозғалыс үшін бос болады.

Өтеген батыр көшесі бойымен қозғалу Төле би көшесінен бастап Қуанышбаев көшесіне дейін. Барлық бағыттағы жолдар толығымен жабылады.
4 тамыз байқау кезінде сағат 06.30-дан 15.00-ге дейін төмендегі көшелерде шектеулер болады:
Төле би көшесінің бойымен қозғалу (оңтүстік жағы) Н. Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін. Жолдың солтүстік жағы толығымен қозғалыс үшін бос болады.
Өтеген батыр көшесі бойымен қозғалу Төле би көшесінен бастап Абай көшесіне дейін. Барлық бағыттағы жолдар толығымен жабылады.
Абай даңғылындағы көлік қозғалысы (солтүстік жағы) Өтеген батыр көшесінен бастап Саин көшесіне дейін. Оңтүстік жағы қозғалыс үшін бос болады.
2019 жылдың Азия Кубогы/Қазақстан Республикасының триатлоннан Чемпионаты кезіндегі жолдарды жабуға арналған кесте (02-04.08.2019)
2 тамыз - 14:00-ден 14:45-ке дейін Төле би көшесі (Жолдың оңтүстік жағы жабылады - Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).
Жолдың солтүстік жағы қозғалысқа ашық.
Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Қуанышбаев көшесіне дейін жабылады)
3 тамыз  - 06:30-дан 13:00-ге дейін Төле би көшесі (Жолдың оңтүстік жағы жабылады - Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).
Жолдың солтүстік жағы қозғалысқа ашық.
Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Қуанышбаев көшесіне дейін жабылады)
4 тамыз - 06:30-дан 15:00-ге дейін Төле би көшесі (Жолдың оңтүстік жағы жабылады - Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).
Жолдың солтүстік жағы қозғалысқа ашық.
Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Абай даңғылына дейін жабылады)
Абай даңғылы (солтүстік жағы Өтеген батыр көшесінен Саин даңғылына дейін жабылады)
Жолдың оңтүстік жағы қозғалысқа ашық.

"Алматыда триатлоннан Азия кубогы мен ҚР чемпионаты осымен екінші рет өткізіліп отыр. Қатысушылардың арасында жерлестеріміз қатар, әлемнің 20-дан астам елдерінің спортшылары бар. Осындай ауқымды іс-шараларды өткізу кезінде жолдардың жабылуы әлемдік тәжірибе болып табылады. Біз көлік қозғалысына кедергі болмас үшін жолдарды жабу аумағы мен уақытын барынша азайтуға тырысамыз. Осындай ауқымды іс-шара кезіндегі жолдың жабылуына қала тұрғындары түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз. Демалыс күндеріне өз бағыттарыңызды алдын-ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы