Алматыда «Translogistica Kazakhstan 2021» халықаралық көрмесі өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Логистика нарығына арналған көрмеге Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей және Украина қатарлы елдерден 70-тен астам компания қатысып жатыр.

Сондай-ақ көрмеге латвиялық және эстондық ұлттық стендтер қойылған, онда компания өкілдері өз қызметтерін, Қазақстанның әлеуетті серіктестеріне арналған жаңа жабдықтары мен инновациялық технологияларын таныстырды.


Көрме экспедиторлық компаниялармен және көлік құралдарының иелерімен тікелей байланыс жасау есебінен кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, көлік-логистикалық тізбектерді құру және өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін сенімді серіктестер табуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар «Көлік және логистика нарығы» халықаралық конференциясы ұйымдастырылған. 

Конференцияның стратегиялық сессиясында «Көлік секторы. Пандемия жағдайында қайта жүктеу» тақырыбы көтерілмек. Стратегиялық сессия шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қатысады. Сонымен қатар сессияда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі - Б.С. Қамалиев, Латвия , Литва және Беларусь Республикаларының Көлік министрліктері өкілдерінің басшылығы, сондай-ақ ірі әлемдік көлік компанияларының өкілдері сөз сөйлейді. 


13-15 қазанға дейін жалғасатын іс-шараны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы, Атакент-Экспо ұйымдастырып отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы