Алматыда трамвай депосының орнына жастар орталығы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда арт-шеберханалар мен зертханалар, оқу сыныптары, қолөнер, көркемөнер студиялары, балалар орталығын ашу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы Жемқорлыққа қарсы күрес жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшесі Ерлан Қуаныш мәлім етті.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік сыныптары, зертханалар, оқу залдары, шоурумдар, кино дәрісхана залдары, көркемөнер студиясы, кітапхана, коворкинг ашылады. Одан бөлек қажетті инфрақұрылым экстрим паркі, өнер паркі, воркаут, спорт алаңдары ашылады, – деді Ерлан Қуаныш.
Өткен жылы ақпанда Depo Evolution Park құрылыс жұмыстары тоқтаған. Одан кейін желіде депо орнында қонақүй салынады деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл деректі әкімдік растамады.
Трамвай депосының орнына қонақ үй, тұрғын үй, мейрамханалар салынбайды. Бұрынғы депо аумағында қазір Depo Evolution Park Жастар орталығы салынуда, – деді әкімдікте.
Орталық құрылысын 2021 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жоба құны 2,5 млрд теңге.
Жалпы трамвай депосының жұмысы 2015 жылдың күзінде тоқтатылғані. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол апатынан кейін қабылданды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы