Алматыда той болады деген мейрамхана ерекше бақылауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Естеріңізде болса, жақында Алматы тұрғыны «жасырын той» жайлы ақпаратты «Алматы» телеарнасындағы «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде айтқан болатын.
Almaty.tv хабарлауынша, Алматыда мониторингтік топ «Керемет» мейрамханасын бақылауға алған.
Айта кетейік, 11 тамыз күні «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өзі тұратын ауданда алда өтетін жасырын той жайлы ескертіп, шара қолдануды сұраған болатын.
Бақытжан Сағынтаев оқиғаның мән-жайын тексеруге уәде беріп, қаланың мониториг топтарына ақпаратты анықтауды тапсырды.
Эпидемиологтар қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Өйткені бұл коронавирус инфекцияның өршуіне әкеп соғады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай матрицасы бойынша әлі де «қызыл аймақта».
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде жол апатынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі қаза болды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы