Алматыда тосқауыл бекеттер алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық полиция Департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішіндегі тосқауыл (фильтрация) бекеттерінің жұмысы тоқтағанын хабарлады.

Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай-ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына да қатысады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция Департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы