Алматыда төрт күн ішінде 695 көші-қон заңнамасын бұзу фактісі тіркелді

Алматыда арнайы жүргізіліп жатқан іс-шараның төрт күнінде 695 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, ҚР болу ережелерін бұзғаны үшін 209 шетелдік жауапкершілікке тартылса, шетелдіктердің ҚР болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 122 қабылдаушы заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 206 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. 34 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Алматы полициясының қызметкерлері жедел іс-шара барысында РФ-ның Самара облысының полицейлерімен іздеуде жүрген 1992 жылы туған Ресей Федерациясының қылмысқа қатысы бар азаматын ұстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы