20 Қыркүйек 2026, 09:51
Фото: pixabay.com
Алматыда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылды
Өрттен 40 адам эвакуацияланып, 26 адам құтқарылды.
20 қыркүйек таңертең Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
ТЖМ мәліметінше, Ақсай-1А шағынауданындағы тоғыз қабатты көппәтерлі үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенген.
Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары автосаты, құтқару қалпақтары және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге шығарды. Тағы 40 адам эвакуацияланды.
Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деп хабарлады ТЖМ.
Бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланған болатын.