Алматыда тікұшақ құлап, пилот қаза тапты
Астана, BAQ.KZ. Алматыда "Алатау" санаториясы аумағында жеке тікұшақ құлады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
"17 қаңтардда сағат 16:05 Алматы қаласы Наурызбай ауданы Тау самалы шағын ауданындағы "Алатау" санаториясының ашық аумағында "Sky Service" әуекомпаниясының Еврокоптер-130 маркілі жеке тікұшағы құлады. Бортта 1968 жылы туған пилот болған. Ол жедел жәрдем машинасында қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы өзені бағытында ұшып келе жатқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы апат бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
"Sky-service" компаниясының "Еврокоптер-130" тікұшағы (UP-EC038 борт нөмірлі) Боралдай әуежайынан ұшып, "Үлкен Алматы" айналасында қонғанға дейін апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортындағы пилот-командир Шитов Валентин Викторовичті тапқанда тірі болған. Ол жедел жәрдем машинасымен ауруханаға бара жатқан кезде жол үстінде қайтыс болды. ҚР ИИМ мен көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастап кетті" , - деді Азаматтық авиация комитеті
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚР СІМ хатшысы тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы