Алматыда терроризмге қарсы операция жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда терроризмге қарсы операция жүріп жатыр. Қалалық полиция департаменті қару сататын дүкеннен қару-жарақтың ұрлану дерегін растады. Бұл туралы республикалық телеарнадан хабарлады.
Полиция өкілдері қала халқына қажет болмаған жағдайда көшеге шықпауға кеңес береді.
Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әшірбектің айтуынша өткен түнде экстремистік күштер әкімшілік ғимараттарды штурмдау жүзеге асырылмақ болды.
Полиция департаменті мен аудандық полиция бөлімдеріне шабуыл жасалмақ болды. Ондаған шабуыл жасаушы ұсталды. Қазір олардың жеке деректері тексеріліп жатыр. Қазір Масаншы, Қарасай батыр, Жамбыл, Байтұрсынова көшелері мен үшт әкімшілік ғимарат маңында терроризмге қарсы операция жүзеге асырылып жатыр. Қала мен қала тұрғындарын қауіпсіздік мақсатында көшеге шығып, аталған учаскелерге шығудан бас тартуға шақырамыз, - деді Салтанат Әшірбек.
Сондай-ақ Алматыда видеода автокөлік көлігінен жеткізілген қарул-жарақты бір топ адам алып жатқан видео тараған.