COVID-19: Алматыда тергеу изоляторындағылар сынама тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖРВИ белгілері бар тергеу қамауындағы адамдар COVID-19 вирусына тексеріледі.
7 маусымда Алматы қаласының тергеу изоляторындағы 7 адам денсаулықтарының нашарлауына шағымданған, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем бригадасы тез арада шақыртылды. Аталған адамдар медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. ЖРВИ белгілері бар тергеуге алынғандар ҚАЖ мекемесінің инфекциялық изоляторына орналастырылған, - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың барлығынан ПЦР-тест алынды. Қазір тергеу қамауындағылардың жағдайы қанағаттанарлық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы