Алматыда телефон алаяқтығымен айналысқан күдікті ұсталды – ҰҚК

Алматыда прокуратураның үйлестіруімен қалалық ҰҚКД қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ-мен бірлесіп, фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тексеру барысында екі SIM-бокс анықталды, олардың біреуінде нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңыраулар үшін пайдаланылған SIM-карталарға арналған 32 слоты, сондай-ақ түрлі операторлардың көптеген SIM-карталары болған.

Қылмыстық топтардың еліміздің басқа өңірлеріне белсенді қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің жәрдемдесуімен Ұлттық қауіпсіздік комитетін жұмысқа қосу туралы шешім қабылданды.

Осылайша Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ведомствоаралық топтың жұмысы барысында, соның ішінде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД Киберқауіпсіздік ақпарат басқармасының жедел сүйемелдеуімен еліміздің 8 өңірінде 202 абоненттік нөмір анықталды. 9 SIM-бокс құрылғысы тәркіленген 8 мекенжай анықталды, 8 адам ұсталды, оның ішінде Ресей Федерациясының 6 азаматы бар. Сондай-ақ түрлі ұялы операторлардың 8 407 SIM-картасы тәркіленді, – деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Айта кетсек, киберқылмыспен күреске бағытталған "Интернет-алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын-алу" жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы ведомствоаралық жедел-жұмыс тобын құрды. Топтың негізгі міндеттері - алаяқтық схемалардың мониторингі, олардың таралу себептерін анықтау, сондай-ақ интернет-алаяқтықты қоса алғанда, осындай қылмыстардың алдын-алу және ашу бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы