Алматыда телеарналар мен радиостанциялар уақытша өшіріледі

Алматыда Көк-Төбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өшіру мерзімі: 

15-18 шілде 2025 жыл аралығы

Жұмыс уақыты кестесі:

  • 15 шілде — 08:00–17:00
  • 16 шілде — 06:00–17:00
  • 17 шілде — 08:00–17:00
  • 18 шілде — 08:00–17:00

Уақытша ажыратылатын телеарналар қатарында:
QAZAQSTAN, Хабар HD, 24kz, BALAPAN, АBAI TV, Бірінші арна Еуразия, Almaty, QAZSPORT HD, Astana TV, НТК, 31 арна, Жетінші арна, Жетісу және басқалар.

Уақытша өшетін радиостанциялар:
QAZAQ RADIOSY, Шалқар, Жұлдыз FM, Radio Monte Carlo, Europa Plus, Love Radio, Авторадио, Energy FM, Той Думан, Ретро FM Qazaqstan, Orda FM, ASPAN FM және тағы басқалар.

Бұл жұмыстар "Қазтелерадио" АҚ тарапынан Алматы радиотелевизиялық станциясында (Көк-Төбе) жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы