Алматыда тегін велоспорт секциясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық велокоманда Apple team 9 жастан асқан балаларға велоспортпен тегін айналысуға мүмкіндік сыйлап отыр. Бұл туралы қазақстандық ақпараттық орталығы хабарлайды.
Жаттығулар жөңдеуден қайта өткізілген алматылық велотректе өтеді. Бұл дегеніміз спортқа келген жеткіншектер велоспорттың барлық түрін тәжірибелі мамандардан үйрене алады.Велоспорт секциясына қатысам деуші балалардың ата-аналары өтініш толтырып, баланың денсаулығы туралы медицниалық анықтама, оның туу
туралы және өзінің жеке куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ, мекенжай анықтамасын тапсыру қажет.
Ата-аналар келесі мекенжай бойынша қоңырау шалып, толық ақпарат ала алады: Медеу ауданы: М. Горький атындағы орталық және мәдениет саябағы
10 үй, Велотрек, +7 747 390 94 55; Түрксіб ауданы: Огарев көшесі 6, +7 700 180 59 85; Жетісу ауданы: Жайсан көшесі 22, +7 705 168 17 18.
Бұл тегін жаттығулардың басты мақсаты - велоспорт спортын елімізге танытып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, спортшылардың тәжірибесін арттырып, Алматы құрамасына кандидаттарды анықтау, артынша шоссе, трек, маунтинбайк, BMX және даунхилл (таулы жерден жылдам түсу) велоспорт түрлері бойынша үлттық құрамаға велошабандоздарды дайындау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 405 мыңнан астам бала алғаш рет мектепке барады
Өзгелердің жаңалығы