Алматыда таулы аудандағы тұрғындар газсыз қалды
Алматыдағы «Горный Гигант» шағынауданында газ қысымы төмендеп кеткен. Аталған ауданда көбіне жер үйлер орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғындар үйінде газ тапшылығы бар екенін айтып шағымданған.
Мамандар аталған жағдайға себеп болған ақауды іздеп жатыр. Газ тарату желілеріндегі ақаудың себебі әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында газ қызметінің жедел топтары жұмыс істеп жатыр.
Әкімдіктің хабарлауынша, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жедел тобы газ қысымының түсіп кетуіне себеп болған ақауды іздеп жатыр. Газ тарату желілеріндегі ақаудың себебі әлі анықталған жоқ, - деді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы