Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылды
Салтанатты іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, мәслихат депутаттары, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, қоғамдық ұйымдардың өкілі, әскери оқу орындарының курсанттары, қала жастары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алуға арналды.
Алматы әкімдігі хабарлағандай, гүл шоқтарын қою рәсімі қалалық Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы оркестрінің сүйемелдеуімен басталды.
Гүл шоғы қойылған соң, жиналған қауым метрономның үнімен сол оқиғада қаза тапқан жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара соңында дін қызметкерлері бақилық болғандардың рухына Құран бағыштады.
Еске салсақ, бүгінгі күні Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге ұлғайтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Роман Скляр Qarmet-ті жаңғырту жоспарларымен танысты
Өзгелердің жаңалығы