Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік» монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты рәсімге қала тұрғындары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар және тағы басқалар қатысты. 

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттің тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрмелі оркестрі және сарбаздарының Қазақстан Республикасы Гимн орындауымен аяқталды. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы