Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғы қойылды

Алматыда Тәуелсіздік монументінің алдында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаев Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік» монументіне салтанатты түрде гүл шоғын қоюға қатысты.

Гүл қою рәсімін бастамас бұрын азаттық жолында құрбан болған азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Содан кейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бастап Ауған соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы