Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.


«Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар, гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, ауған және чернобыль жауынгерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы