Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда таудан төмен түсе алмай қалған үш жасөспірім құтқарылды

ТЖМ азаматтарды таулы аймақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтауға және бағытты алдын ала жоспарлауға шақырады.

Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Денсаулық баспалдағы» маңында 15 жастағы үш жасөспірім таулы аймаққа көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» тобы мен қалалық ТЖД құтқарушылары шұғыл түрде оқиға орнына аттанды. Қараңғы уақытта таулы жер бедерімен қозғалған құтқарушылар жасөспірімдерге дер кезінде жетті.

Тексеру барысында олардың медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз түрде төмен түсіріп, ата-аналарына тапсырды.

ТЖМ азаматтарды таулы аймақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтауға және бағытты алдын ала жоспарлауға шақырады.