29 Қараша 2026, 22:24 Фото: BAQ.KZ архиві

Алматыда тауда жарақат алған әйел құтқарылды

Кейін оны медициналық тексеру мен қажетті көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлі маңында тауда жарақат алған әйелге құтқарушылар көмек көрсетті.

Оқиға тау бөктерінен төмен түсу кезінде болған. 1968 жылы туған әйел аяғын жарақаттап алып, өздігінен қозғала алмаған.

Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, «Эдельвейс» бөгетіне дейін жеткізді. Кейін оны медициналық тексеру мен қажетті көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.