Алматыда тауда демалушылар саны артып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының аумағында орналасқан тау бөктеріндегі орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Байгелов айтып берді.
Алматы қаласында ауа температурасы жоғары болуына байланысты өрт қаупі сақталуда. Қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында алаңы 33 шаршы метр құрғақ шөптердің өртенуі тіркелді. Құрғақ шөптердің жануы көбіне Алатау, Медеу, Түркісіб және Наурызбай аудандарында жиі болады. Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, қазіргі кезде 3 адамнан немесе бір отбасыдан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, экскурсиялық корпоратив және табиғатқа құқықтық серуендеуге тыйым салынған, - дейді Арман Байгелов.
Оның айтуынша, Алматы қаласының таулы орман аймақтарында демалушылар саны артып жатыр.
Сонымен қатар, Алматы қаласының өрт қауіпсіздігі кезеңі басталғалы таулы орман алқабында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция, Ұлттық табиғи парк және ұйымдармен бірлесіп, 60-тан астам рейдтік шара өткізді. 101-ден астам рұқсат етілмеген жерлерге өрт жағу оқиғасын болдырмады. Таулы орманды жерлерде ашық от жаққандар үшін 40 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 азамат ҚР ӘҚБ туралы кодекстің 367 бабы бойынша 270 800 теңге айыппұл төледі. Демалушыларға өрт қауіпсіздігі тақырыбында 4000-нан астам жарнама таратылды. Демалушылар үшін Алмаарасан шатқалында және Үлкен Алматы өзеңінің бойында ыстық тамақ дайындауға арналған орындар бар екенін ескертеміз, - дейді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары.Сонымен бірге ерекше қорғалатын аймақтардың табиғи аумақтарында және тыйым салынған жерлерде Төтенше жағдай департаменті мен мемлекеттік Ұлттық табиғи парк қызметкерлеріне ҚР ӘҚБ кодекстің 367-бабы бойынша айыппұл салуға уәкілеттік берілгенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асар. Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен елдер
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы