2 Қараша 2026, 04:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматыда тауда адасып кеткен қыз аман-есен табылды
Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған және үйіне өз бетінше қайтқан.
Алматы қаласының Медеу ауданындағы Горельник шатқалында құтқарушылар тауда адасып кеткен 2006 жылы туған қызға көмек көрсетті.
Қыз тауға көтерілгенімен, кері қайтар жолды таба алмаған. Қарындасының хабарлауынша, онымен байланыс үзіліп, соңғы орналасқан жерінің координаттары құтқарушыларға берілген.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде мамандар қызды тауып, «Горельник» визит-орталығына дейін аман-есен жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған және үйіне өз бетінше қайтқан.
Құтқарушылар тауға шыққанда қауіпсіз бағытты таңдап, өз мүмкіндігіңізді дұрыс бағалауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.