Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылды

Құрылыс нысанын сүру кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалада Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайдағы таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы айтты.

Ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, 2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы