Алматыда тауға шықпау туралы ескерту жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына және қалың қардың түсуіне байланысты тауға шығуға, оның ішінде Үлкен Алматы көлінің аумағына баруға тыйым салынады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Үлкен Алматы көлі бақылаушысының мәліметінше, 16 ақпан күні түнгі уақытта жауған қалың қардан өздігінен екі қар көшкіні болған. Қар көшкіні жинағыштарында: №19 – 150 текше метр және №21В – 150 текше метр қар болған.
Құлаған қар массасының жалпы көлемі 300 текше метр. Төмен түскен көшкіндер тау баурайына түсіп тоқтады. Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы