Алматыда тарифтердің өсуіне байлынысты өтемақы төленіп жатыр

Алматы қаласында коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындары коммуналдық қызметтердің қымбаттауына өтемақы алуды ары қарай жалғастыра алады. Бұл шешімді мәслихат депутаттары қабылдады.

Өтемақы төлемдері 0,8 АЕК мөлшерінде 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.

2023 жылдың шілдесінен бастап, әкім тапсырмасымен «Тариф орнына инвестиция» бағдарламасы аясында 9 әлеуметтік осал топтағы 140 мыңнан астам азамат ай сайынғы төлемдерді алды.

Төлемді алу шарттары:

· Алматы қаласында тұрақты тіркелген болуы;
· Аудандық әкімдікке өтініш беру;
· Жеке куәлікті ұсыну.

Ал төлем алып жүргендерге өтінішті қайта тапсырудың қажеті жоқ – төлемдер автоматты түрде ұзартылатын болады.

Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасовтың айтуынша, әлеуметтік осал топтарды қолдау Алматы әкімдігі үшін басым бағыт болып қала береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы