Алматыда такси жүргізушісі қару дүкенін тонаған қаскөйді ұстауға көмектесті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-ті хабарлады.

Әуезов ауданының полиция қызметкерлерімен анықталғандай, И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздікке және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқан, сонымен қатар ірі қару дүкенін тонап, одан 10 патроны бар «BrowntnG» тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен.

Қаскөй мылтықты бесінші ықшамауданындағы ауланың біріндегі қоқыс жәшігіне тығып қойған. Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған,-делінген хабарламада.

Тұтқындау кезінде И.есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласының комендатурасы қамқор тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы