Алматыда такси жүргізушілерін алдаған алаяқ ұсталды

Алматыда полиция алаяқты құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 32 жастағы ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға жақындап, қоңырау шалу үшін телефон сұраған, содан кейін ол белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Зардап шеккендердің көбі – такси жүргізушілері. Маршруттың соңына таман адамдардан телефон сұрап, сонымен бірге кетіп қалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды және қамауға алынды. Қазір оның бірқатар алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Егер бұл алдау тізбегі таныс болса, азаматтарды біздің бөлімшеге хабарлауға шақырамыз, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы