Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыдан 76 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлады Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы.

Жер сілкінісі 11 қаңтар Астана уақытымен 16 сағат 15 мин 03 секундта болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде орналасқан, - деп жазды ведомство.

Институт мәліметінше, магнитудасы шамамен 3,8, жер астынан 1 км тереңдікте болған.

Балмен есептегенде жер сілкінісінің күші сезілмеді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы