Алматыда тағы да автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: қаза тапқандар бар

Жол апаты кеше түнде Медеу ауданында болды. Апат салдарынан “Toyota” көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы кеше түнде Медеу ауданында болды. «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Екі адам қаза тапқан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды,- деді Алматы қаласының полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы