Алматыда тағы да автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Жол апаты Түрксіб ауданындағы Жұмабаев пен Кассина көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше таңертең Түрксіб ауданында орын алған. Жұмабаев пен Кассина көшелерінің қиылысында тыйым салынған бағдаршамның дабылына шыққан қоғамдық көлік пен «Мицубиси» маркалы көлік соқтығысты. Соқтығыс салдарынан жол талғамайтын көліктегі жолаушы зардап шекті.
Ол ауруханаға жатқызылды. Түрксіб аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті,- деді Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан-Қытай арасындағы сауда қарқынды өсіп келеді – елші
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы