Алматыда тағы бірнеше ғимарат қоршауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ғимараттардың қоршауға алынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бірінен кейін бірі жарияланып жатыр.

kris.p.online парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Жароков-Дунаевский көшелері қилысындағы Рамстор, сондай-ақ Алтынсарин-Шаляпин қилысындағы ғимарат та қоршауға алынған.

Қалалық полицияның хабарлауынша, сегіз нысан бойынша қоңырау келіп түскен.


Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Esentai Mall сауда үйі қоршауға алынғандығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы