Алматыда суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Оқиға түн ортасы шамасында қаланың Әуезов ауданында орын алған.
Мен №14 модульдік бекетте қызметке тұрдым. Бір кезде ағаштардың арасынан бір адамды байқадым. Ол өзін күдікті ұстады. Жақындаған кезімде оның асылып қалғанын байқадым. Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, адамды түсірдім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілерін көрсетпеді. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде жедел жәрдем келді, – дейді жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Санат Шөнеков.
Абырой болғанда, ер адам аман қалды.
Бұл 37 жастағы С.есімді азамат. Неліктен ер адам мұндай шарасыз әрекетке баруға шешім қабылдады, біз оны тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді, – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.