Алматыда суицид жасамақ болған әйел құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының патрульдік полициясы суицидтің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

43 жастағы әйел өзін-өзі өлтірмек болды. Ол әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауынан шығып, секірмек болды. Алайда полиция қызметкерлері араша түсіп, оны аман алып қалды. 

Шамамен уақыт – 11:30. Біз экипаж құрамында даңғыл бойымен жүрдік, көпірде тұрған әйел қоршаудың арғы бетіне шыққанын көрдік. Бірнәрсенің дұрыс емес екендігіне күдіктендік. Алдымен мен оған жүгіріп бардым. Бірнеше секундтың ішінде мен әйелге жақындап барып, оны ұстап алдым. Содан кейін менің серіктесім, полицей Ермек Менгалиев келді. Бейтаныс әйелдің шығып кетуге тырысқанына қарамастан, біз оны қайтадан көпірге қарай сүйреп шығардық. Әйел адам қатты жылады, тіпті, ол бізге мас болып көрінді. Оның жағдайын ескере отырып, біз оны сұрақтармен мазалаған жоқпыз, мән-жайды түсіндіру үшін оны Бостандық аудандық Полиция басқармасына апардық, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ мамандандырылған батальонының аға инспекторы Ернұр Тілектес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы