Алматыда суға түсуге қауіпті 9 орын анықталды

Алматы қаласында және тау бөктеріндегі аудандарда 44 су айдыны бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді.

Шомылу маусымы 1 маусымнан басталады. Алматы қаласының әкімдігі суда жаппай демалуға арналған 4 орынды белгіледі. Олар - Сайран көлінің батыс және шығыс бөлігі, Д.Қонаев атындағы ҮАК бойындағы «Гүлдер» демалыс аймағы мен «Баум тоғайы» жағажайы. Алайда Сайран көлінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған. Сондай-ақ Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылыстармен күрделі жөндеуге байланысты биыл каналды сумен толтыру жоспарда жоқ. Алматы қаласында және тау бөктеріндегі аудандарда 44 су айдыны (өзендер, көлдер, каналдар, тоғандар) бар, олардың 9-ы шомылу маусымы кезінде халық үшін қауіпті, - деді Әнуар Юсупов.

Суға түсуге қауіпті орындар: 

1. “Шаңырақ” және “Дархан” шағынаудандарындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;
2. “Дархан” ықшамауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы
3. Үлкен Алматы өзені (әл-Фараби-Науаи) – Бостандық ауданы;
4. “Кемел” ықшамауданындағы Первомайские пруды – Жетісу ауданы;
5. Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрылатын жерде) – Медеу ауданы;
6. Юннатское көлі - Медеу ауданы;
7. Ақсай өзені – Наурызбай ауданы;
8. Әуежай көлі – Түрксіб ауданы;
9. Қарасу өзенінің саласы (Шестуха) – Түрксіб ауданы.

Алматы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауды ұсынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы