Алматыда судья парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Алматы, BAQ.KZ. Желіде Алматы қаласы, Медеу ауданы судьясы Светлана Жолманованың парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл туралы қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек facebook-тіге парақшасына жазды.
Кабинетінде 4500$. Үйін тінту барысында 2 800 000 $. Ал жеке көлігінде 600 000 $. Застройщиктен - 1 180 000 $ пара алған. Бір жәй ғана судьяның өзі осындай парамен ұсталып отырса, төрағалар жұтып жатқан шығар ия? Осыдан кейін судьялар әділ шешім шығарады деп Жақып Асанов айтпай-ақ қойса болады!, - деп жазды ол өз парақшасына.
Желі қолданушылары бұл жайтты қызу талқылап, мұндай көлемдегі параға таңданыстарын білдіруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ashyq». Цифрлық даму министрлігі депутатқа жауап берді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы