Алматыда су жаңа көліктер өртеніп кетті

Алматы-Бішкек тасжолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді. Оқиға сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрлардан тасжолда автовоз кабинасының толығымен отқа оранғанын көруге болады.

Жанында бірнеше жүргізуші көліктерді құтқаруға тырысса, қалғандары оқиғаны видеоға түсіріп әлек.

Куәгерлердің айтуынша, автовоздағы көліктердің көбін аман алып қалу мүмкін еді, бірақ алдыңғы екі автокөлік толықтай жанып кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы