Алматыда су басудың алдын алу үшін мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 маусымда сағат 14:30-дан бастап Алматы қаласында нөсер жауын жауа бастады.
Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Суды кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, жалпы саны 682 адам, 245 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 1950 қап құм дайындалды, - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша жаңбыр сағат кешкі 17-18-ге дейін аяқталады. Ертең 25 маусым күні жауын-шашын болмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы