Алматыда су басқан учаскелерді тазалау бойынша жедел штаб құрылды
Алматы, BAQ.KZ. Қатты жауын-шашын туралы дауылды ескере отырып, су басып қалған учаскелерді жоюға аудандық әкімдіктердің мердігерлік ұйымдарының, құтқару қызметінің 109 күштері мен құралдары тартылып, инертті материалдар дайындалды.
Сонымен қатар Қазселденқорғау бақылау гидро бекеттерінде бақылау күшейтілді.
Алматы қаласы ТЖД-де су басуды жоюды үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды.
18 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша "112" желісіне көп қабатты үйлердің аулаларын, жертөлелерін су басу бойынша 40-тан астам хабарлама келіп түсті: Олар: Жетісу ауданында Жангелдин, Брюсов, Зубарев, Крылов көшелері бойындағы су басатын учаскелер мердігерлік ұйымдардың бақылауында-инертті материалдары бар қаптар салынған,-делінген хабарламада.
Су басқан учаскелердегі тазарту бойынша жұмыстар мына жерлерде жүргізілуде:
Алатау ауданында -Райымбек даңғылы 397-үй, Бейсекбаев көшесі, 17-үй-ауланы және жеке тұрғын үйдің жертөлесінде, Әйгерім ш / а.-2, Сапива к-сі, Бейсекбаев, Кудерин, Шапағат ш/а, Талбесік көшелерінде жұмыстар жүргізілуде;
Алмалы ауданы бойынша -Райымбек даңғылы 206, 234, Айтиев, Аносов, Қарасай батыр көшесі 315, Мұқанов көшесі 77;
Әуезов ауданындағы: Жетісу-3 ш.а 54 үй, Ақсай-3 ш / а. -10 , Таугүл-3 Цветочная көшесі, Терме көшесі 25-үй;
Бостандық ауданындағы: Әл-Фараби даңғылы мен Ремизовка-жер асты өткелінің су басуы; Сырғабеков көшесі; "Алма" ТК, Шолом-Алейхем көшесі 5, онда көп қабатты үйдің жертөлесін су басқан-жұмыстар аяқталды.
Жетісу ауданындағы: Столетов к-сі, Бөкейханов к-сі, Казаков к-сі, Боткин к-сі, Черкасская к-сі, Герцен19 көшелерінде;
Медеу ауданында: Латиф Хамиди көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Достық, Назарбаев даңғылында;
Наурызбай ауданында - Қалқаман - 2 Әшімов к-сі 79, Наурыз ш / а;
Түрксіб ауданында-Арал көшесі-ақпарат расталмады
Сонымен қатар, "109" пультіне авариялық ағаштар мен сынған бұтақтардың құлауына байланысты 23 қоңыраулар келіп түсті.
Сағат 18.30-дағы жағдай бойынша 109 құтқару қызметімен 12 шығу пысықталды
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.