Алматыда студенттерді алдап келген жігіт ұсталды

Алматыда ЖОО-ның студентерін алдап келген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бостандық ауданының полиция басқармасы М.есімді азаматтың алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Жас жігіт Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің ақылы бөлімінің студенттеріне 2 млн теңге сыйақы төлеп, бюджеттік бөлімге ауыстыруды ұсынған. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, сондықтан осыған ұқсас алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бостандық аудандық полиция басқармасы
Өзгелердің жаңалығы