Бүгiн 2026, 19:32 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Емтиханнан кейін бірден болған: Алматыда студент университеттің 9-қабатынан құлап кетті

Қайғылы оқиға емтиханнан кейін болған. Полиция студенттің неден құлағанын анықтап жатыр.

Алматыдағы университеттердің бірінің студенті оқу ғимаратының тоғызыншы қабатынан құлап кетіп, қаза тапты. Қайғылы оқиғаны BAQ.KZ тілшісіне қалалық Полиция департаменті растады.

Оқиға білім ордасының жаратылыстану және география факультеті орналасқан оқу корпусында болған.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай емтиханнан кейін бірден орын алған.

Қазіргі уақытта студенттің неден құлағаны анықталып жатыр. Оның өз-өзіне қол жұмсағаны, жазатайым оқиға болғаны немесе біреудің итеріп жіберуі мүмкін екені тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Осы факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салсақ, Астанада бала 13-қабаттан құлап, қаза тапқан болатын. Полиция ата-аналарға ескерту жасады.