Алматыда студент пышақпен мұғаліміне шабуылдады деген күдікке ілінді
Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті мұғалімге пышақ ала жүгіріп, оны жарақаттаған. Әлеуметтік желіде жарияланған аталған фактіні Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алмалы ауданының полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полиция күдіктінің ізін суытпай, бірден ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Істің өзге де мән-жайлары анықталуда, - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Желідегі деректер бойынша мұғалім ауруханада қаралып, үйіне жіберілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
АҚШ Венесуэла жағалауында тағы бір танкерді басып алды
Өзгелердің жаңалығы