Алматыда стихиялық қоқыс орнына жасыл аймақ салынды

Бұрынғы стихиялық қоқыс орнында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа жасыл аймақ пайда болды.

Уссурийская көшесінде бір шақырымнан астам тротуар салынды, футбол алаңы, балалар және спорт алаңдары жабдықталды. Көше демалуға және серуендеуге ыңғайлы орынға айналды.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев нысанды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Қаламызда бос жер телімдері жоқ, сондықтан келесі жылы кішігірім скверлер мен саябақтар сезімін қалыптастыру үшін шағын аумақтарға да ағаш отырғызуды бастаймыз. Біз 5-10 сотық жерлерді көріктендіріп, серуендеуге арналған орындарға айналдырамыз. Мұндай бағдарламаны бүкіл қала бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - деді қала басшысы.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қала тұрғындарының бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Биыл оған 18,8 млрд теңге бөлініп, аулалар, скверлер, ойын және спорт аймақтарын абаттандыруға арналған 364 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы