Алматыда стенд атудан Азия кубогы өтеді

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеуден XV Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда нысана көздеуден Азия конфедерациясы атқару комитетінің отырысы өтіп, бірқатар жайт талқыланды. Жиын нәтижесінде 2024 жылғы 20-30 қыркүйек аралығында Алматыда Азия кубогы өтетін болды.

Кейінгі жылдары Қазақстан спорттың осы түрінен бірқатар халықаралық жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Соның бірі - биыл Алматыдағы рейтингтік әлем кубогы. Сол жарысқа 42 мемлекеттен 500-ге жуық мерген жиналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы