Алматыда спа-салонының қызметкеріне шабуыл жасаған шетелдік азамат ұсталды

Әлеуметтік желілерде ресепшнде ер адамның қызды аяусыз ұрған бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы блогер Сырым Иткулов өзінің Telegram арнасында жариялады. Оның айтуынша, Алматыдағы спа-салонға Ресей азаматы келіп, сыра сатуды сұраған. Қызметкердің "ішімдік сатпаймыз" деген жауабына ашуланған ол қызды бірнеше рет ұрып, шашынан сүйреген.

Бейнежазба спа-салонның қауіпсіздік камераларына түсіп қалған.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсінік беріп, күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқықбұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, – дейді ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы