Алматыда сот шешімімен бизнес орталық сүріліп жатыр

Ходжанов көшесінің шығысындағы Экспериментальная көшесінің солтүстігінде орналасқан төрт қабатты ғимарат жоба сараптамасынсыз салынып, бекітілген бас жоспардан ауытқып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұзу туралы талап арыз Бостандық аудандық сотына 2020 жылдың наурыз айында жіберілді, бірақ апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы үш жылдан астам уақытқа созылды. 

2021 жылдың мамырында меншік иесі жер учаскесін сатқаны анықталды. 

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы келісімді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Сот мәмілені жарамсыз деп танып, бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды, - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Жоғарғы сот кассациялық шағымды қарағаннан кейін бұзу туралы шешім расталып, сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі. Бірнеше жылдық сот талқылауынан кейін нысанды мәжбүрлеп бұзу басталды. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы